«Қазақстанның жоғары мектебі. Высшая школа Казахстана» журналы 2013 жылдан бастап шығарылады. Шығу жиілігі – жылына 4 рет. Журнал баспа және электронды түрде шығарылады. Журналдағы материалдарды жариялау ақысыз болып табылады.

Журналдың баспа нұсқасы шектеулі таралыммен шығарылады, авторлар арасында, сондай-ақ кітапханаларға тегін таратылады. Журналды пошта арқылы жеткізу «Қазпошта» АҚ арқылы жүзеге асырылады. Журналдың сайты: https://www.higher.edu.kz

Басылымның иесі ҚР ҒЖБМ «Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы» ШЖҚ РМК болып табылады. ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінде тіркеу туралы куәлік №15650-Ж 05.11.2015 ж. Журнал тоқсан сайын қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде шығарылады. ISSN 2413-5488 – халықаралық стандартты сериялық нөмірі бар.

«Қазақстанның жоғары мектебі» журналы ғылыми мақалаларын келесі бағыттар бойынша жариялауды жүзеге асырады: 

  • Жоғары білім беру саласындағы білім беру саясаты мәселелері бойынша теориялық материалдар мен эмпирикалық зерттеулер
  • Жоғары оқу орындарының өзекті білім беру жобалары
  • Жоғары білім сапасын қамтамасыз ету мәселелері
  • Жоғары білім беруді цифрландыру
  • Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімді интернационалдандыру
  • Оқу мен оқытуға инновацияларды енгізу
  • Болон процесінің принциптерін имплементациялау 

Мақсатты аудитория 

Бұл Қазақстанның жоғары оқу орындарының, ғылыми-зерттеу институттарының, талдау және қоғамдық білім беру ұйымдарының зерттеушілері, талдаушылары және білім беру практиктері үшін, сондай-ақ қазіргі қоғамдағы жоғары білімнің даму проблемаларына қызығушылық танытатын оқырмандардың кең ауқымы үшін ғылыми-талдамалық басылым.

 Жариялау мерзімі

Журналдың нөмірі Мақала қабылдау Мақала қарастыру Журналдың шығуы
№ 1 1 ақпанға дейін        2-16 ақпан Наурыз
№ 2 1 мамырға дейін        2-16 мамыр Маусым
№ 3 1 тамызға дейін        2-16 тамыз Қыркүйек
№ 4 1 қарашаға дейін        2-16 қараша Желтоқсан