Редакцияға түскен мақалалар екі рет «жасырын» рецензиялау рәсімінен өтеді. Рецензиялау рецензенттер және мақала авторлары үшін де жабық болып табылады. Рецензент мақалаға түзетулер енгізу қажеттігін көрсеткен жағдайда, автор үш күн ішінде түзетулер енгізілген редакцияға жаңартылған материалды жіберуі қажет. Рецензенттердің оң бағасын алған мақалалар журналдың редакциялық алқасына талқылауға және жариялауға жіберіледі. Теріс рецензия алған мақалалар қайта қарауға қабылданбайды.

Материалдарды редакцияға жіберу, автордың, оның мақаласын «Қазақстанның жоғары мектебі. Высшая школа Казахстана» журналында жариялауға толық келісімін білдіреді.